Ұлы Жібек жолын жаңғыртқан керуен

960

Қазақ хандығының 550 жылдығының Тараздағы төрт күнге жалғасқан дүбірлі тойына Ұлы Жібек жолын қайта түлеткен керуен келді. Аспан асты елінің Сиань қаласынан шыққан түйе керуені 5 қазан күні Тараз қаласына жеткен еді. Содан кейін осы қалада аялдаған керуен 8-9 қазандағы Қазақ хандығының 550 жылдық тойында Тараздың тарихи жерлерімен, той өтіп жатқан орындарымен жүрді.

20 шақты түйе, 4 ат арба мен жүк көліктерінен, 64 адамнан құралған керуеннің мақсаты біреу, ол – Ұлы Жібек жолының даңқын жаңғыртып, тармақтарына қан жүгірту. Осы үшін де Таразға жеткенше 5 провинция, 2 облыс пен 300-ден астам елдімекен аумағын басып өтті.

Керуеннің Сиань қаласынан шығуының да себебі бар. Өйткені, ҚХР-дің Шэньси провинциясына қарасты Сиань қаласы – Ұлы Жібек жолының бастауы саналады. Ал, тарихи тереңнен басталатын Тараз қаласы – кезінде осы Ұлы Жібек жолының бойындағы үлкен әрі маңызды қалалардың бірі болған.

фото (с) Жәнібек НҰРЫШ