Президенттік көпсайыстан ел чемпионаты Шымкентте басталды

554
Президенттік тестілеуді тапсыруға 16 команда келді, фото ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан алынған

Президенттік көпсайыстан ел чемпионаты Шымкентте бастауын алды. Ел басының жүлдесіне арналған спорттық тесттен өтуге Қазақстанның барлық облыстарынан командалар жиналды. Қазақстанның 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан командалар келген. Олардың әрқайсысында 18 спортшыдан болуы шарт.

Президенттік тестілеуді тапсыруға 16 команда келді, фото ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан алынған
Фото ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан алынған
Сынақты дене тәрбиесі және спорт агенттігінің өкілдері қадағалайтын болады, фото ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорынан алынған
Сынақты дене тәрбиесі және спорт агенттігінің өкілдері қадағалайтын болады

Жарысқа қатысушылар спорттың жеті түрінен сынға түсетін болады. Ең қызығы, әр спортшы жеті сынақта да ептілік танытуы қажет. Өйтпеген күнде президенттік тестті тапсыра алмайды. Бұл сынақ әр облыс спортшыларының деңгейін анықтайды. Сол себепті команда құрамын белгілі спортшылар да толықтырған. Отандастарымыз үш күн бойында Шымкентте үздік танылуға тырысады. Айт кету керек, президенттік тестілеуден ел чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр.