Шымкенттің құрметті азаматтары белгілі болды

Шымкенттің «Құрметті азаматтарының» тізімі тағы да толықты. Қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара барысында еңбегі еленген жандарға қаланың құрметті азаматы атағы берілді.

Олар: «Айғақ» медиахолдингінің жетекшісі Дулат Әбіш, ОҚО «Азаматтық альянс» қауымдастығының президенті Жамалбек Шәріпбек, ОҚГИ-дің ректоры Гүлшара Сапарбаев және ауыр атлетші Валида Искандерова. Құрметті азаматтар арнайы марапатталып, қошеметке бөленді.