Шымкенттің шаруалары словактармен әріптес болады

216
Ғ.Әбдірахымов және Петер Юза

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Словак Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петер Юза мырзаны қабылдады. Кездесуде қос тарап ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу және мал шаруашылығы салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелеріне баса назар аударды.

Ғ.Әбдірахымов және Петер Юза

Пікір алмасу барысында Шымкенттің инвестициялық мүмкіндіктерін жақсарту үшін екі елдің бизнес-делегацияларын кездестіру, жергілікті кәсіпкерлерді Словакияның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуге арналған өндіріс жабдықтарын шығаратын кәсіпорындарымен байланыс орнату мәселесі де сөз болды.

Қала басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы қаланың дамуына үлес қосатын инвесторларға қашан да қолдау білдіретінін айттып, өз тарапынан кәсіпкерлерге мәселе болатын әкімшілік кедергілерді мейлінше жеңілдетуге атсалысатынын жеткізді. Сонымен қатар Чехия мен Словак елдерінің білікті мамандары арқылы қаланың шеткі аумақтарында мал шаруашылығын дамыту мен жүйелеу жайы қаралды. Жиын соңында қос тарап екі ел арасындағы кәсіпкерлердің арнайы форумын өткізуді жоспарлады.