Шымкенттіктер чемпиондар лигасынан шет қалды

228
Барселоналықтар чемпиондар лигасындағы таласын жалғастыруға мүмкіндік алды

Шымкенттің бойжеткендері Испанияда жеңіске жете алмады. Каталонияда Оңтүстіктің «БИІК-Қазығұрт» командасы «Барселонамен» кездескен болатын.

Бұл матчтың жеңімпазы чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойынына шығады. Өкініштісі, шымкенттіктерге футбол тарихына жаңа із қалдыру бұйырмапты. Жерлестеріміз 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Алаң қожайындараның қақпасына жалғыз голды соңғы матчта жарақат алған Габелия Гульнара салды.

Барселоналықтар чемпиондар лигасындағы таласын жалғастыруға мүмкіндік алды

Естеріңізде болса, испандықтармен Шымкенттегі кездесуде Габелия басынан соққы алып, есінен танып құлаған болатын. Алайда, кейіннен есін жиды. Осыған дейін Шымкентте өткен матчта кездесу тең есеппен аяқталған.