Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты танысын өлтірген 24 жастағы айыпталушыға үкім кесті. Жанар-жағармай бекетінде адам өлтірген күдікті 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

АЖБЕске сала кетейік, қылмыстық оқиға осы жылдың мамыр айында орын алған болатын. Айыпталушының жұмыс орны – жанармай бекетіне таныстары келіп, бірге спирттік ішімдік ішкен. Сол кезде екеуінің арасында жанжал туындайды.

Осыдан кейін күдікті операторлар бөлмесінде ұйықтап қалған танысына кек сақтап, басынан қатты затпен бірнеше рет соққан. Сондай-ақ қасақана өлтіру мақсатында бөлмеге өрт қойған.

Соның кесірінен танысы иіс газына уланып қаза болды. Тергеу барысында 24 жастағы күдіктінің қылмыстық ісі толығымен дәлелін тапқан. Істі қараған сот айыпталушыны тағылған айып бойынша кінәлі деп тауып, ұзақ мерзімге жаза тағайындады. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.