Жарылған жылу құбыры жөнделді

282
жылу құбыры жарылды

Шымкенттегі Ақпан батыр және Толстой көшелерінің қилысындағы жарылған құбыр толығымен жөнделді. Коммуналдық сала қызметшілерінің айтуынша, бүгінде осы бөліктен жылу алатын тұрғын үйлерге ыстық су жіберіле бастаған.

жылу құбыры жарылды
жылу құбыры жарылды

Нәтижесінде қазір 1213 көп қабатты үйді жылумен қамту қолға алынды. Бұдан бөлек 335 әлеуметтік мекеме жүйесіне де толықтай жылу берілген. Мамандар алдағы дүйсенбіге дейін қаланы түгелімен жылуға қарқ қыламыз деп уәде етіп отыр.