«Kcell» компаниясы абоненттері үшін жаңа бастаманы қолға алды *

490

«Kcell»  компаниясы өз абоненттері үшін жаңа тиімді жобаны қолға алды. Енді кез келген адам компания ішіндегі брендтерді ауыстарған кезде нөмірді сақтай алады. Аз ғана уақыттың ішінде Kcell-ден Activ-ке немесе керісінше ауысуға мүмкіндігіңіз бар. Мұндай хабарды естіген жерлестеріміз бірден «Kcell» бөлімшелеріне ағылуда.

Гүлсім Есіркепова, қала тұрғыны: «Мен ұялы телефон сатып алғалы бері осы Kcell» нөмірін қолданамын. Ал жаңалықты естіген соң, бөлімшеге қуана келдім. Себебі маған»Activ-тің» ұсынатын түрлі тарифтері ұнайтын. Енді өзімнің қалаған интернет пен байланыс-сөйлесу тарифіне еніп, туыстарыммен еркін, сағаттап сөйлесе аламын. Компанияға айтар алғысым шексіз!»

«Kcell» компаниясы абонеттер үшін ұсынған мүмкіндігі бұл ғана емес. Компания жоба бойынша абоненттің бірлік теңгерімін сақтауға уәде етті.

Жанат Жантурин, «Kcell» АҚ Шымкент филиалының менеджері: «Қуантарлығы – Kcell-ден Activке немесе керісінше ауысу және қызметін компанияның кез келген абоненті пайдалана алады. Бұл үшін басқа брендке ауысқысы келетін абоненттің нөмірі өз атына тіркеліп, ешқандай берешегі болмауы қажет. Я болмаса жеке куәлігіңізбен «Kcell» орталығына келіп, өтініш толтыруы міндетті».

Жаңа жоба жайлы қосымша ақпараттар «Kcell» бөлімшелерінде толығырақ түсіндіріледі. Сондай-ақ, байланыс операторы қазіргі уақытта 4G ғаламтор желісін қосуға қарқынды дайындалып жатыр. Ал бүгінде Кселл ұсынған 3G желісіне Қазақстан халқының 76 пайызы қосыла алады. Биыл 9 айдың ішінде компания желісінде 37 млн ГБ мобилді трафик берілген. Бұл – былтырғымен салыстырғанда 74 пайызға артық көрсеткіш.

* – жарнама