Хэнк Бом

Аға сеньорлар» жобасы аясында Оңтүстіктегі «Каравай KZ» кәсіпорнына сарапшылық көмек көрсету үшін Нидерландиядан сарапшы Хэнк Бом келді.Бұл жоба «Даму» қорының ықпалымен жүзеге асуда.

Хэнк Бом

Хэнк Бом – наубайханадан шығатын тәттілер, кондитерлік өнімдер, нандар және т.б. өнімдер пісіру өндірісінен жоғары санатты маман, 2 дүкені және 22 қызметкері бар жеке наубайхананың қожайыны және директоры болған. Оның наубайханасы «Нидерландының ең үздік наубайханасы» сыйлығының жеңімпазы, сонымен бірге инновация үшін номинациясы бойынша жеңімпаз болып табылған.

Хэнк Бом

2015 жылдың 9 қарашасынан бастап Хэнк Бом кондитерлік және нан-тоқаштық өнімдерінің өндірісімен мамандандырылған «Каравай KZ» компаниясы үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді.

Хэнк Бом

Екі апта бойы сарапшы кондитерлік компанияға рецептерді түзету, жаңа рецептерді енгізу және жаңа өнімдерді өндіруді қызметкерлерге оқыту жолымен өндірістік мәселелерді шешуге көмектесуде. Шетелдік маман тек шеберлігімен бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар басқаруды ұйымдастыру, сату, маркетинг, өнім түрлерін кеңейту және жаңа қаптамаларды енгізу бойынша басқарушылық дағдыларды үйретуде. Одан бөлек Хэнк Бом жүйелерді енгізу және шығындарды бақылау есебінен өндіріс тиімділігін арттыру сұрақтары бойынша кеңес берді.

– Біздің компания «Даму» қорының барлық бағдарламаларына тәжірибе ретінде қатысамыз, – дейді «Каравай KZ » ЖШС басшысы Адхам Умаров. – «Даму» қорының қызметкерлерінен біздің қызметкерлерді оқытатын және наубайхана саласында тәжірибелерімен бөлісуге дайын, шетелдік тәжірибелі сарапшыларды тартуды жобалайтын «Аға сеньорлар» жобасынының жүзеге асырылуы туралы біліп, біз бұл құралды міндетті түрде пайдалануды жөн көрдік. Өйткені бизнесте әрдайым жаңашыл болу қажет, ал батыс сарапшыларының қызметін пайдалану мен үшін шығарылып жатқан өнімдерді жаңашыландыру мен оны тұтынушыларға одан да тартымды ету үшін таптырмас мүмкіндік.

Бүгінде компанияда 50 аса адам қызмет етуде, қолдау көмегімен өнім түрлерін кеңейтіп, маркетингті өзгертіп және өндіріс шығындарын азайта отырып, табыс көзін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Каравай

«Аға сеньорлар» жобасының шеңберінде облыста 6 компания өз кәдесіне пайдаланып үлгерді.

damu.kz