Шымкентте жол апатынан 3 адам зардап шекті

421
Жол апаты

Шымкентте жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 3 адам зардап шекті. 26 қарашасы күні сағат 18:30-да кезекші полицейге Ж.Аймауытов көшесінде жол апаты болғаны жайлы  суыт хабарлама келіп түсті.

Жол апаты

Оқиға болған жерге жедел түрде жеткен полиция қызметкерлері Ж.Аймауытов және Желтоқсан көшелерінің қиылысында Ауди және ВАЗ автокөліктері соқтығысқанын анықтады. Соның салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Ал Ауди жүргізушісі сау.

Жол апаты

24 жастағы бұл жігіт көше қиылысынан өтіп бара жатқанда қарсы бағыттан келе жатқан ВАЗ автокөлігі жол жүрісі ережесін өрескел бұзып, солға қарай бұрылып, Ауди автокөлігіне жол бермеді дейді. Содан кейін екі көлік соғысып, ВАЗ одан әрі жолдың шетіндегі бағанға соқтығысқан.

Жол апаты

Аталған жайт бойынша 610-бапқа сай (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) қылмысты іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, көліктер ақылы айыптұраққа жеткізді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының орын алу себептерін анықтауда. Тергеу басталды.