Жарылғыш зат

Шымкенттің полицейлері жеке күзет агенттінің қызметкерін қамауға алды. 20 жастағы күзетшіге көрінеу жалған ақпарат жеткізді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жарылғыш затЕске сала кетсек, 22 желтоқсан түні қалалық ішкі істер басқармасының жедел бақылау орталығына Тәшенов көшесіндегі қонақ үй кешенінің күзетшілері хабарласады.

Олар белгісіз біреудің қонақ үйдің алдына қорабша қалдырып жатқанын байқаған күзетшіге пышақ жарақатын салып, қашып кеткенін айтады.

Осы оқиғаны мұқият тексерген Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері осы күзетшіге шауыл жасалғаны туралы хабардың жалған екенін анықтады.

Тергеу барысында жәбірленушінің өзі, 1995 жылы туылған Шымкент тұрғыны өзіне өзі пышақ жарақатын салғанын мойындады. Ол қонақ үйдің жанына қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат салынған қорабша қалдырып, полицияға жалған хабарлама берген.

Жас жігіт бұл әрекетке күзет агенттігі басшылығының назарын өзіне аударып, қырағылығы үшін сыйақы алу мақсатында барғанын мойындап отыр.

Нұрмахан Жалғасов, Әл Фараби полиция бөлімінің бастығы: «Қазіргі таңда аталған жайт бойынша 419-бабы, 3-тармағымен (көрінеу жалған ақпарат жеткізу) қылмысты іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.»