«Мадлен» шымкенттіктер үшін жаңа жылдық сыйлық әзірледі

«Мадлен» кондитерлік дүкендер желісі, әдеттегідей, Шымкент тұрғындарын жаңа жылдық сыйлықтармен таңқалдыруға дайын. Аяқ киімдер, ойыншықтар, қуыршақтар мен шырша шарлары, шырақтың түр-түрі мен мерекелік күймелер. Қолдан жасалған сөмке пішіндес тәттілер де дүкен сөресінің сәнін кіргізіп тұр.

Джульетта Ксандопуло: «Мадлен.kz» ЖШС сату жөніндегі директоры: «Мадленнен» бүкіл отбасыға арналған сыйлықтарды табуға болады. Мәселен, үлкен шабадан мен сандықшаның ішінде жаңа жылға әзірленген кәмпиттердің түр-түрі мен тәттілер, шампан шарабы да бар. Шабаданды ашып жіберсе, дастархан мәзірі дайын деуге болады. Биыл, сонымен қатар, құрамында экзотикалық дәндері бар кәмпиттер шығардық. Сатып алушылар жаңғақтың, миндальдың дәмін татып, өз бағасын берер. Мұндай кәмпиттерді кез келген ойыншықтың ішінен таба аласыз.»

Жаңа жылды жоғары дәрежеде өткізу үшін «Мадленнің» дизайнерлерімен қатар бесаспап аспаздары да барын салды. Әсіресе, шоколадтың түр-түрін дайындап, шеберліктерін көрсетті. Жыл сайын қайталанбас тәттілерімен қуантатын мадлендіктер дәстүрлі дәмдерін дайындап, балаларды да ұмыт қалдырмады.

Тағы бір қуанышты хабар. «Мадлен» дүкендер желісі бұл жолы үздік деп танылды. Республикалық «Алтын сапа» байқауында «Мадлен кз» ЖШС «Үздік азық-түлік тауары» номинациясының арнайы сыйлығына ие болды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскер» сыйлығын президиум төрағасы Тимур Құлыбаев табыстады.