Шекарадан 60 келі дәріні заңсыз алып өтпек болды

221
Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы

Өзбекстаннан Қазақстанға өзен арқылы заңсыз өткізілмек болған 60 келі дәрі-дәрмек тәркіленді. «Сарыағаш» кеден бекетінің шекарашылары Өзбекстан тарапынан өтпек болған екі адамды байқаған.

Қазақ-өзбек шекарасы, Ынтымақ ауылы

Олар Келес өзеніне таяп келіп, өзеннің Қазақстан жағына жіп лақтырып, өзеннен жүзіп өтіпті. Содан кейін өзеннен қораптарды тартып алады. Шекара бұзушылар осы кезде сақшыларды көріп қалып, Өзбекстан аумағына қайта өтіп, қашып кеткен. Тексеру кезінде олардың өткен орнынан 60 келіге жуық дәрі-дәрмек табылды. Жүк Шымкент қаласынығ қадағалаушы органдарына тапсырылды.