Шымкентте «Ғасырлар аманаты» тарихи фотоальбомының тұсауы кесілді

379
"Ғасырлар аманаты" фотоальбомы

Республикалық «Ғасырлар аманаты» акциясы күнгейде қорытындыланды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне орай жасақталған фотоальбомның тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға шаһар тұрғындарымен бірге тарихи дүниені жинақтаған Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызының өзі арнайы келіп қатысты. Тарихи альбом-кітапты көпшілікке таныстырып, ондағы жәдігерлер жөнінде толығырақ айтып берді.

Алғысөзді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова айтты

Жиналған қауым алдында акция аясында түсіріліген тарихи фильмдер ұсынылды. Айта өтейік, Қазақстанның 16 облысының ең құнды экспонттары топтастырылған туындыға біздің өңірдің де еңбектері еніп отыр.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөкейханқызы «Ғасырлар аманаты» акциясының мақсаты Қазақ тарихын, Қазақ хандарының өмір жолын насихаттау екенін айтты

 

Іс-шараға қатысушылар тарихи фотоальбомды таныстыруда

 

«Ғасырлар аманаты» фотоальбомы

 

Мәдени шара аясында күнгейлік мәдени мекемелер Ақмола облысынан келген меймандарға сый-тарту жасады. «Ұлы дала өсиеті» кітабымен қатар бірқатар тарихи құнды жинақтарды естелікке берілді

 

Мұржай басшылығы да қонақтарға күнгейден табылған жәдігерлер турасында жазылған кітаптарды сыйлады

 

Ақмола облыстық өлкетану мұражайының директоры Оңтүстік мұражайларына тарихи жәдігерлерінің фотоальбомы мен картиналарды сыйға тартты

 

Қонақтар Керей мен Жәнібек ханның өмір жолынан сыр шертер тарихи қойылымды тамашалады

 

Өлкетану мұражайы

 

Салтанатты шара соңында өнер ұжымдары естелік фотоға түсті