Шымкентте отандық киімдер дүкені ашылды

Шымкентте тек отандық киімдер сататын дүкен ашылды. Сауда орталығы «Алтын адам» деп аталады.

"Алтын адам" дүкені
Фото — Алмас Дадабаевтың фэйсбуктағы аккаунтынан

«Алтын адам» дүкеніне қойылған ерлер киімдері Сайрам ауданында тігіледі. «Golden Nomad» фабрикасы өнімдерінің сапасы жоғары, бағасы қарапайым халыққа қолжетімді.

Дүкеннің директоры Алмаз Амалбековтың айтуынша, мұнда алдағы уақытта өзге де отандық өнімдер жеткізілмек.

Дүкеннің мекенжайы: Ахмат Байтұрсынов көшесі, «Баян сұлу» аялдамасы.