Шымкентте 9 жасар қызды қағып, мерт қылған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Еңбекші аудандық соты 24 жастағы күдіктіні үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ айыпталушы жеткіншектің ата-анасына 1,5 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.
Ал көлік жүргізушілері мен оның жолаушылары жәбірленушіге көмек көрсетудің орнына бой тасалаған. Кейінен жүргізуші ұсталып, оның үстінен көлік құралының мемлекеттік нөмірін жою және қолдан жасау, жол ережесін бұзу, жарақат алушыны жолда қалдыру баптарымен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған.