Жыл басынан бері 4 тоннадан астам есірткі тәркіленді

140
Шұғыл уәкілетті қызметкерлер есірткінің салмағын есептеп жатыр

Оңтүстікте жыл басынан бері 4700 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Оның басым бөлігі, яғни, 4600 келісі – көкнәр, 18 келісі героин және 3,5 келі апиын болып отыр.

Шұғыл уәкілетті қызметкерлер есірткінің салмағын есептеп жатыр

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге көп. Жылды қорытындылаған облыстық прокуратура өкілдері осындай мәлімет берді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, қозғалған қылмысты істер мен тәркіленген есірткі көлемінің артуына заңдағы өзгерістер сеп болған.

Бұған дейін әкімшілік іс ретінде қаралып келген бірқатар фактілер қазір қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызылады.