Абай ауданы әкімінің соңғы есебі

371
Ахмет Татымов

Абай ауданының әкімі Құрсай ауылдық округінің тұрғындары алдында есеп берді. Осы жиынға аудандағы Қызылжар, Айкөл, Ақжар ауылдарының да тұрғындары қатысты. Олардың көтергені – ауыз су, жол және қоғамдық көлік, жер мәселесі болды. Шымкент қаласының аумағына өткен бұл шағынаудандарда халық саны артып келеді.

Ахмет ТатымовБүгінгі есеп беру жиынына қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымовтың өзі қатысады дегенді естіген болар, тұрғындар көп жиналды. Солардың бірі – Самал 3 шағынауданындағы атауы жоқ көше азаматтарының аманатын арқалап келген Кеңесбек Бастықов. 2007 жылдан жерлестеріміз баспана тұрғызған көшенің басы бар, соңы жоқ, бекітіліп қалған. 40 шақты отбасы мекендеген көшенің қақ ортасын «заңды құжатым бар» деген бір азамат қоршап алыпты. Ал көпшіліктің үйлеріне кіріп-шығуы мұң.

Негізі, Абай ауданындағы елдімекендерде жер мәселесі ушығып тұр. Қала аумағына жаңадан қосылған елдімекендердің жүздеген тұрғындары баспаналарын заңдастыра алмай жүр. Есеп беру жинынында бұл мәселе тағы көтерілді. Бірқатарын тыңдаған Аудан әкімі әр жағдайды жеке қарап, оң шешімін табуға уәде етті.

Әкіммен кездесуге келгендер белсенді болды. Сауал көп. Шешімін табатынынан да үмітсіз емес. Онысын айтып та үлгерді. Аудан басшысының жұмысына негізінен оң бағасын берген олар негізінен жол, ауызсу, жарық мәселесін түбегейлі шешуді талап етті. Айта кету керек, Абай ауданы әкімінің соңғы есебіне қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты.

Нұрлан Жаңабай