Ринг төрінде – боксшы қыздар

348
Ақсукенттің боксшылары да Республикалық жарыс алдында тәжірибесін арттыра түсті

Төрт облыстың бойжеткендері ринг төрінде қолғап түйістірді. Әйелдер боксынан республикалық жарыста Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік спортшылары бас жүлде үшін таласқан болатын. Бұл жолы 100-ге тарта қатысушы 3 жас ерекшелігіне бөлінді. Жасөспірімдер 1,5 минуттық 2 раундта сынға түссе, жастар құрамасы 2 минуттан кездесті. Алғашқы күннің өзінде-ақ Тараздың бойжеткендерінің мықты екені байқалды.

Оңтүстікте қыздар арасындағы бокс қарқынды даму үстінде
Оңтүстікте қыздар арасындағы бокс қарқынды даму үстінде

Жарыс нәтижесінде тараздықтар 5 алтын медальды жеңіп алса, сыр елінен келген бойжеткендер 2 рет чемпион атанды. Ал қостанайлық қонақтар 1 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Алаң қожайындары 7 рет алтыннан алқа тақты. Бұл жарыс алдағы ел чемпионатына дайындық болатын. Наурыздың 14-19 аралығында өтетін турнир Шымкентке жоспарланған.

Республикалық сынақта тараздықтар топты жарды
Республикалық сынақта тараздықтар топ жарды
Бапкерлердің әр бір кеңесін жасөспірімдер мұқият тыңдауда
Бапкерлердің әр кеңесін жасөспірімдер мұқият тыңдауда
Қыздар арасында оңтүстіктің 7 жасөспірімі алтыннан алқа тақты
Қыздар арасында Оңтүстіктің 7 жасөспірімі алтыннан алқа тақты
Ақсукенттің боксшылары да Республикалық жарыс алдында тәжірибесін арттыра түсті
Ақсукенттің боксшылары да республикалық жарыс алдында тәжірибесін арттыра түсті
Республикалық чемпионат наурыз айына жоспарланған
Республикалық чемпионат наурыз айына жоспарланған

Бұл жеткіншектер алдындағы кезекті сынақ та Шымкентте өтеді