Шымкентте «Бозарық» коттедж қалашығы салынады

Шымкент қаласында «Бозарық» коттедж қалашығы бой көтереді. Шағын аудан 500-600 үйден тұрады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жобаны «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы қолға алмақ. Компания басшылы үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу және халықтың баспанаға деген қажеттілігін өтеу «Бозарық» коттедж үйлер» инвестициялық жобасын бастады.

"Бозарық" коттедж қалашығы

Осы мақсатта корпорация мен осы жобаға өз қаржысына бірқатар үй салуға ниет білдірген «Almaty grand construction» компаниясы арасында өзара меморандум түзілді. Қалашыққа 500-600 үймен қоса балабақша, емхана, дәріхана, дүкен, сауда кәсіпорындары, кинозал, кітапхана, спорт кешені, қоғамдық тәртіпті қорғау бекеттері мен жаттығу залдары секілді нысандар салыну жоспарланып отыр.

"Бозарық" коттедж қалашығы

Коттедж үйлерді салуға Бозарық аймағынан 76 гектар жер телімі қарастырылған. Ондағы тұрғын үйлерге халық қол жеткізе алу үшін құрылыс жұмыстарына қазақстандық «Констракшн КЗ» ЖШС тартылып отыр. Бұл компаниясы сапалы әрі тиімді бағада заманауи 3D панельді құрылыс материалдарын жеткізеді.

«Бозарық» коттедж қалашығының құрылысы 2016 екінші жарты жылдығында басталады деп күтілуде.