Субсидияға өтініш халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады

233

Ауыл шаруашылығы саласында жұмысын жүйелеп, шаруасын дамытуға ниетті шаруалар субсидияға қол жеткізу үшін енді халыққа қызмет көрсету орталығына келуі керек. Олардың өтінімдері осында қабылданады. Бұл өзгеріс шаруалар үшін тиімді болмақ. Құжаттар негізінен электронды нұсқада қабылданады.

vlcsnap-2016-01-28-18h48m06s35

Ең бастысы, субсидияны алу мерзімі әлдеқайда қысқарған. Өтініштер 6 күннен бастап 41 жұмыс күні аралығында қаралады. Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделген құжат негізінде субсидияның 8 түрін алуға болады.

Нақты айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін суару жөніндегі қызметтердің құны, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеміс-жидек дақылдары, тұқым шаруашылығы, топырақты өңдеп өсіру және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.


vlcsnap-2016-01-28-18h38m48s104

Жаңа жүйенің жаңалықтарын электронды үкімет порталының con.gov.kz ресми сайты арқылы немесе 1414 нөміріне хабарласып та білуге болады. Мемлекеттен берілетін жәрдемақы туралы қызмет тегін көрсетіледі.