Тәуелсіздік күні енді тек желтоқсан айында ғана емес, жыл бойы арнайы жоспарланған, айқындалған бағдарламалар негізінде аталып өтіледі. Осыған орай Оңтүстікте тұғырлы тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаралар басталып кетті. Пушкин атындағы кітапханада «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік айғағы» атты зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.
Жазушы Мархабат Байғұт пен түрік жазушысы Ибрахим Турки және өзге де түрлі этнос өкілдері мен кітапханашылар, жастар қатысқан шарада терең мағыналы әңгімелер айталды. Жасандылықтан құтылып, жасампаздыққа жетудің жолдары туралы тақырыптар кеңінен қозғалды. Ұйымдастырушы Қазақстан халық ассамблеясы мүшелерінің айтуынша, жас ұрпаққа азық болар, тағылымы мол кездесулер мен шаралар жыл бойына жалғаспақ.