Оңтүстікте бірінші сынып оқушысының жоғалуына қатысты деп танылған екі күдіктінің бірі полицияға келді. Бұл азаматша өзі жайлы ақпаратты көрген соң, тәртіп сақшыларына келіп, бала ұрлауға қатысы жоқ екенін дәлелдеуге келген.
– 50 жастағы азаматша осы уақытқа дейін Алматыда болғанын айтады, – дейді Спабек Жарқынбеков. – Өзін теледидардан көрген соң, полицияға келген. Бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоғын айтып отыр.
Еске салайық, бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар Мұхаммедтің жоғалуын тексеру барысында осы іске қатысты екінші күдіктінің барын айтқан еді. Ал бірінші күдіктің фотороботы жасалып, іздеу жалғасуда.