Биыл тыңайтқыш, гирбицид, тұқымға берілетін субсидиялар қысқармайды. Керісінше, бұл мақсатқа қаралатын қаражат қомақты болады.
Биыл өңірде қыс жылы болды. Көктем ерте келеді деп болжайды синоптиктер. Сондықтан өнімділікті дұрыстап алу үшін тыңайтқышты беретін кез осы дейді жер емген дихандар. Ал жауаптылар минералды тыңайтқыштарды үлестіруде ешқандай кедергі жоқ деп сендіреді. Айтуыларынша, тыңайтқыш шығаратын зауыттың 20 мың тоннадай өнімі қазір диқандарға жақын қоймаларда, бірнеше ауданда сақтаулы тұр.