Шипажайға тегін жолдама алыңыз

1385

Тегін шипажай алу үшін жергілікті емханаңызға барып, тіркелуіңіз керек. Мемлекеттік бюджет есебінен берілетін ақысыз медициналық көмек зейнеткерлер мен І және ІІ топтағы мүгедектерге арналған.

vlcsnap-2016-02-08-17h24m50s158

Медициналық көмекті жақсарту мақсатында 2013 жылдан бастап шипажайда тегін емделуге болады. Бірақ, ақысыз әлеуметтік көмекті кез келген азаматтың алуына мүмкіндік жоқ. Оның өзіндік тәртібі бар.

Райхан Жанабекова, №4 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары: «Тегін жолдаманы алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге тіркелу қажет. Одан кейін жеке төлқұжаттың көшірмесі және амбулаториялық картаның көшірмесі мен шипажайда емді қажет ететін карта болуы тиіс.»

Тегін жолдаманы алу үшін белгілі бір аурумен медициналық мекемеде есепте тұру қажет. Оны тек Шымкенттегі орталық емхана мен №1 және №4 емханалардан ғана алуға болады. Мәселен, орталық емханада тыныс жолдарының созылмалы дерттері бойынша тіркеуге алынады. Ал №1 емханада остехандроз, артрит сынды сүйек буын ауруларына сай шипажайға тегін жолдама береді.

vlcsnap-2016-02-08-17h24m26s124

Оңтүстікте жылына шамамен 200-ден астам адам шипажайда тегін ем қабылдайды екен. Ақысыз әлеуметтік көмекті биыл қанша азамат алары әзірге белгісіз. Өйткені облыстық денсаулық сақтау басқармасы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.