Шымкентте мұсылман және православ дін өкілдері кездесті

708

Шымкентте мұсылман және православ діндерінің өкілдері бір ортаға жиналды. Бұл іс-шара орыс православ шіркеуінің Шымкент епархиясының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырып отыр.

Оңтүстік өңіріне Қазақстан Республикасындағы орыс православ шіркеуінің митрополиттік округының басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр іс-сапармен келді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Митрополит Александр мен Ахметжан Керімбек

Іс-сапар барысында митрополит Александр мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек кездесті. Тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішінде Қазақстанда көптеген мешіттер мен храмдар қалпына келтіріліп, тұрғындардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда.

Аталған бағытта мұсылмандар діни басқармасы мен орыс православ шіркеуі бірге жұмыс атқарып, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді орнатуға, рухани құндылықтардың дамуына, бірлік пен діни тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.

 

Бүгінгі таңда облысымызда 11 конфессияға енетін 853 діни бірлестік пен олардың филиалдары жұмыс істейді. Соның ішінде православтық бағытта 18 діни бірлестік болса, исламдық бағытта 790 мешіт бар.

Кездесу барысында митрополит Александр мен Ахметжан Пірәліұлы әңгіме-сұхбат өрбітіп, облыс аумағындағы конфессия аралық жұмыстар жөнінде өзара пікір алмасты, облыстағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық сақтау мәселелері, діни бірлестіктердің татулық пен келісімді нығайтудағы рөлін кеңінен талқылады.

Митрополит Александр Ахметжан Пірәліұлына 25 жылдың бірлескен жемісті жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірсе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік бойынша өкіл имамы Астанадан келген қонаққа естелік сыйлық тапсырды.