Қазақстандағы ең қарт ана арнайы құттықтау алды

774
Ең қарт ана

8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесі қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Төле би ауданында тұратын 120 жастағы Хайранова Фатима ананы құттықтап, облыс әкімінің атынан сый-сияпат тарту етті.

Ең қарт ана

Еліміздегі ең қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты.

Ең қарт ана

Сондай-ақ, қарт анамызды құттықтай келген аудан әкімі Ә.Тұрғымбеков те өз ыстық лебізін білдіріп, әжеге бағалы сыйлығын табыс етті.

007