Енді ұялы телефон ұрлығы азаюы мүмкін. Қазақстанда «Ұялы байланыс қызметін көрсетудің» жаңа ережесі бекітілді.
Тергеуші жәбірленушінің өтінішін байланыс операторларына жолдайды. Өшірілген абонент телефонын іске қосу мәселесімен операторларға күдікті келген жағдайда дереу ішкі істер бөліміне хабар беріледі.