Әділет басқармасында ашық есік күні өтті

329

Абай аудандық әділет басқармасында ашық есік күні өтті. Бүгін түске дейін тұрғындар өзін мазалаған мәселе бойынша заң тұрғысында кеңес алды. Шараға әділет басқармасының мамандары, адвокаттар, криминалист сарапшылар, жер қатынастары мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты.

Тұрғындар, әсіресе, мүлікті жекешелендіру және оны тіркеу турасындағы сауалдарын үйіп-төкті. Мамандар бүгіндікке 20 адамды қабылдауды жоспарлаған. Тоқсан сайын өтетін ашық есік күнінің мақсаты – халықтың заң тұрғысында сауаттылығын арттыру. Сондықтан түрлі сұрақтар бойынша Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі №12 үйде орналасқан әділет басқармасына жүгінуге болады.