Оңтүстік әкімі өз жарына дайындаған сыйлығы туралы айтты

280
Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңіріміздің ардақты аналарын, қыз-келіншектері мен аруларын мерекелерімен құттықтады. 8 наурыз күніне орай «Отырар» медиахолдингінің тілшілері арқылы жеткізген тілегінде өңір басшысы нәзік жандылар қауымына тек жақсылық тіледі.

Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

– Осы келіп жеткен үлкен мереке құтты болсын! – деп бастады тілегін Бейбіт Бәкірұлы. – Оңтүстіктегі аруларымыз, аналарымыз бүгінгі күндей жарқырап жүре берсін! Келесі көктемге дейін осылай жарқырап жүре беріңіздер! Үйлеріңіз бақытқа толып, көңілдеріңіз қуанышқа тола берсін! Еліміз аман болсын! Мереке тағы да құтты болсын!

Бұған қоса Бейбіт Бәкірұлы өзінің жарына дайындаған сыйлығы туралы айтты. Ол – тамаша гүлі мен… жүрегі.

– Егер құпия болмаса, өз жарыңызға қандай сыйлық дайындадыңыз?

– Ең бірінші сыйлығым – ол менің гүлім. Содан кейін екінші – жүрегім, – деген облыс әкімі жымиып, қарапайымдығын тағы бір білдірді.

[youtube]https://youtu.be/rrA2KgFvWas[/youtube]