//
Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды Жаңалықтар 

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды. Банк бөлімшесі Тәуке хан даңғылы бойынан ашылып отыр. Енді ғана қызметін бастаған банк филиалына келушілер көп.

Шымкентте тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі мамандарының мәліметінше, бүгінде күнгейлік салымшылардың саны 32 мыңға жетіп жығылыпты. Олардың жинақтаған сомасы қазір 16 миллард теңгені құрап отыр. Қуантарлығы – жыл санап жинақ банкіне келіп, теңгесін төлеп, үй еншілеген тұрғындардың қатары қалыңдауда. Банктің жаңа бөлімшесінің қызметін бастауына да осы жағдай себеп болған.

Айта өтетін ақпар. Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі ұсынатын пәтердің әр шаршы метрі 90 мың теңгеге бағаланады. Яғни, салымшы 2 бөлмелі үйді 5 миллион теңгеге сатып алуға мүмкіндігі бар. Ал бір бөлмелі баспана 3 миллион деп бағаланса, 3 бөлмелі үй 7,5 миллион теңгеге ұсынылады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz