10 жасар хоккейшілер бастапқыда қақпаны бағындыруға таласса, кейіннен жұдырығын ала жүгірді

Халықаралық аналар мерекесінің қарсаңында Шымкентте хоккейден «Азия дербиі» атты халықаралық жарыс өтті. Мұз айдынына 10 жасар спортшылар шыққан болатын. Оңтүстікте топты жару мақсатында қырғызстандық хоккейшілер де келген еді.

Ақтық кездесуге Бішкектен келген қонақтар алаң иелерімен шықты. Олар шымкенттік «Армада-1» және Бішкектің «Илбирс» командары еді. Жас өрендер бас жүлдені сарапқа салып, турнирдің алғашқы чемпионы ретінде хоккей тарихында із қалдыруды көздеді. Алайда, алтын медальды жеңіп алу жеткіншектерге оңай болмады.

10 жасар хоккейшілер бастапқыда қақпаны бағындыруға таласса, кейіннен жұдырығын ала жүгірді
10 жасар хоккейшілер бастапқыда қақпаны бағындыруға таласса, кейіннен жұдырығын ала жүгірді

Кездесудің алғашқы 15 минутында қонақтар жағы басым болды. Бішкектің хоккейшілері екі шайба салып, алға шықты. Алаң қожайындары да шабуылға көшкен болатын. «Армаданың» жеткіншектері қарсыластар қақпасын бағындыруға тырысты. Алайда, қырғызстандық қорғаушылар ептілік танытып, екінші кезең де 3-1 есебімен аяқталды. «Илбирс» алда. Кездесудің келесі жартысы да жерлестеріміз үшін сәтті болмады. Тараз басын теңестіре алғанымен, матчтың соңғы минуттарында қақпаны голдан сақтап қала алмады.

Жарыс жеңімпазы анықталды. Алайда, хоккейшілер мұз айдынынан кетуге асықпады. Оның орнына бір-біріне жұдырығын ала жүгірді. Қосымша орындықта отырған спортшылар да алаңда жармаса кетті. Нәтижесінде қос команданың да ойыншыларын бас төреші Олег Левиков алаңнан қуды.