шарик-марик

Шымкенттің жергілікті полицейлері «шарик-марик» ойынымен күресті бастады. Тәртіп сақшылары қала базарлары маңында ұйымдастырылатын құмар ойындардың басы-қасында жүргендерді ұстай бастады.

шарик-марик

Мұндай сәттерді қала базарларынан күнделікті дерлік кездестіруге болады. Айта кету керек, Қазақстан заңдары бойынша құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шымкент қаласының жергілікті полиция қызметі барлық заңсыз құмар ойындарға куә болғандардан тез арада поилцияға хабарлауды сұрайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JiwlLvj_Xuk[/youtube]