Құлағында сырғасы жоқ мал базарға кіргізілмейді

511
Ұрланған мал

Ұрланған малШымкент қаласы әкімдігі ескертеді.

Елімізде қабылданған «Ветеринария туралы» заңға сәйкес мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал базарларына жеткізілген мал, оның ішінде ірі қара, уақ мал, жылқы және түйелер құлақ жапсырмасы-сырғасымен, ветеринариялық паспорты және анықтамасымен әкелінуі тиіс.

Аталған құжаттар мен белгілер болмаған жағдайда мал базарға кіргізілмейді. Анықтама алу үшін мына нөмірлерге қоңырау шалыңыз: 39-04-21, 39-38-23, 39-37-86.