Ерлер арасында белсіздіктің белең алуы алаңдатады

416
Мырзакерім Алшынбаев
Мырзакерім Алшынбаев

Ерте жыныстық қатынасқа түсу – белсіздіктің белең алуына себеп. Өкінішке қарай, отбасын құрған әрбір бесінші жұп осы сырқаттың зардабын тартып жүр.

Мырзакерім Алшынбаев
Мырзакерім Алшынбаев

Оңтүстікке іс-сапармен келген еліміздің бас урологф Мырзакерім Алшынбаев осылай дейді. Өлкемізге ат басын бұрған дәрігер жергілікті ақ халаттылармен тәжірибе бөлісіп, ауыр халдегі жеті науқасқа ота жасады.

Қазақстанның бас урологы арнайы мамандардан құралған білікті дәрігерлердің қатысуымен науқастарды қабылдады. Ал 9 сәуір күні саулығы сыр берген ерлер үшін облыстық клиникалық ауруханада ашық есік күнін өткізбек. Онда өңіріміздің кез келген азаматы жоғары дәрежелі маманның тегін қабылдауына жүгіне алады.