//
Жаңалықтар 

Күнгейде Ілия Жақановтың мерейтойы тойлануда

Биыл алашқа әйгілі сазгер, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов – 80 жаста. Мерейтой құрметіне орай жерлестеріміз «Әнімен елін тербеткен…» атты сазды кеш ұйымдастырып, композитордың тың туындыларын насихаттады.

12

Қазақ өнерінің дархандығы, қоғам тынысы мен сезімнің сұлулығы. Мұның барлығы да сазгер Ілия Жақановтың сырлы әндерінің бойынан табылды. Аядай ғана бөлмеге жиналған жерлестеріміз автордың ауқымы кең, қалыпқа сыймайтын құны жоғары қазына-шығармаларын шарықтай шырқады.

Жақсыбай Молдабекұлы
Жақсыбай Молдабекұлы сазгердің әндерін шырқады

Жақсыбай Молдабекұлы, әнші-термеші: “Сазгердің әндерін орындаған кезде ойымдағы, жүрек түбінде жатқан сезімімді әнмен жеткізгендей әсер аламын. Бойымды қуаныш сезімі кернейді, жаныма жұбаныш табамын. Осындай бір керемет қасиеті үшін шығармашылығына басымды иемін”.

«Әнімен елін тербеткен» сазды кеші әдеттегідей мәдени мекеме емес, әнсүйер қауымның сұранысы бойынша ұйымдастырылды. Мұнда сазгердің сезімнің қылын шерткен шығармалары және кеш кейіпкері жөнінде айтар замандастары да табылды. Сонау 1980 жылдан бері дос-құралас болып, шығармашылықта жанашыры болған Әбілқайыр Есенкеевтің айтуынша, Ілия Жақановтың адами қасиеті кәнігі қарапайым дүниенің тек асылын ғана көрумен, оны шығармашылығына арқау етуімен ерекшеленеді.

Асқар Әлихан, Қазақстанның мәдениет қайраткері: “Әдемі әлемді, сондай бір жақсы дүниені көрсе, сол маңда тұра қалып ән жазатын қасиеті бар. Шабыт деген осы ғой! Қазақтың құндылығы да осы! Ілия – өте сезімтал жан, сезгенін, көргенін әсем ән арқылы дөп жеткізе алады. Оның еңбекқорлығы мен ізденімпаздығын ерекше құрметтеймін! Себебі жасы 80-ге таяғанда ол Атыраудағы жоғарғы оқу орнын бейнелеу өнері мамандығы бойынша тәмамдады. Міне, білімге, ғылымға деген құштарлық! Әлі күнге таң қаламын!”

Сырлы-сазды кештен естелік сурет...
Сырлы-сазды кештен естелік сурет

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың бүгінде жүздеген туындысы, оның ішінде “Жайлаукөл кештері”, “Еділ мен Жайық” сынды тың туындылары жұртшылық жүрегінде жатталып жүр. Сондай-ақ, бүгінде елімізге талай дүркін таланттың танылуына, олардың сахнаға бет алып-түлеуіне де қазақ өнерінің бойтұмарына айналған әндері себепкер.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz