Неврологиялық ауруға шалдыққандар көбейді

670
Неврологиялық ауруға шалдыққандар көбейді

Отандық дәрігерлер дабыл қағады. Мамандардың айтуынша, неврологиялық ауруға шалдыққан науқастардың қатары артқан. Өкінішке қарай, Қазақстан ми-қан тамырының дерті бойынша ТМД елдері арасында алда келеді.

Бұл туралы бүгін неврологтардың қатысуымен өткен халықаралық конференцияда айтылды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, бұл кеселдің дендеп кеткендегі жастар арасында да байқалады. Ең сорақысы, науқастардың дені мүгедектікке шалдығып, аурудың салдарынан көз жұмғандар да көбейген.

vlcsnap-2016-04-22-13h10m31s248

Дәрігерлер мұндай келеңсіздікті шиеленіске толы өмір дағдысымен, күрделік әлеуметтік факторлармен байланыстырады. Сондықтан, денсаулық мәдениетін өзгерту керек дейді мамандар. Дертті неғұрлым ертерек анықтау емдеуге соғұрлым септігін тигізетінін дәрігерлер кезекті рет еске салады.