Оңтүстікте Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жарыс басталды

462
Байрақты жарыста бабын сынауға еліміздің барлық облыстарынан спортшылар келіпті. Олар үшін бұл доданың берері мол. Өйткені, топ жарып шыққандар "спорт шебері" атағын иеленбек. Ұлының құрметіне арналған жарыстан, елдің атын шығаратын жастар іріктелінеді деген сенім басым ақ жаулықты ананың. 

Оңтүстікте Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жарыс басталды. Түркістан қаласында 10 елдің былғары қолғап шеберлері сайысқа түсуде. Сидней олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 15-ш халықаралық жарыста 1998-1999 жылы туған жастар бақ сынайды.

Ұйымдастыру алқасы қатысушыларға алғысын білдірді
Ұйымдастыру алқасы қатысушыларға алғысын білдірді

Төрт күнге жоспарланған жарыстың алғашқы күнінде 33 жұп қолғап түйістірді. Рингкке алғашқылардың бірі болып түркістандық Ұлықбек Әділет шықты. 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 17 жасар жасөспірімнің қарсыласы павлодарлық жеткіншек. Қарсыласын басымдылықпен ұтқан Әділеттің арманы – Бекзат ағасының жолын қуу.

Ұлықпек Әділет: «Түркістанның атын шығарып, Бекзат ағам сияқты Олимпиада чемпионы болғым келеді. Ол үшін, әрине, көп дайындық қажет.»

Байрақты жарыста бабын сынауға еліміздің барлық облыстарынан спортшылар келіпті. Олар үшін бұл доданың берері мол. Өйткені, топ жарып шыққандар "спорт шебері" атағын иеленбек. Ұлының құрметіне арналған жарыстан, елдің атын шығаратын жастар іріктелінеді деген сенім басым ақ жаулықты ананың. 

Өңірдегі ірі турнирлердің бірі саналатын сайысқа ТМД елдерімен қатар Израиль және Қытайдан 150-ден астам спортшы қатысуда. Ал төрешілер өңірлерден тартылған.

Ермахан Ибрайымов, республикалық Олимпиадаға даярлау орталығының директоры: «Бұл турнирден Геннадий Галовкин сияқты мықты спортшылар көтерілген. Бұл өлкеден мықты спортшыларды шығару үшін жаттықтырушыларға семинарлар өткізіп, кәсіби деңгейін арттыру қажет.»

Байрақты жарыста бабын сынауға еліміздің барлық облыстарынан спортшылар келіпті. Олар үшін бұл доданың берері мол. Өйткені, топ жарып шыққандар спорт шебері атағын иеленбек. Ұлының құрметіне арналған жарыстан, елдің атын шығаратын жастар іріктеледі деген сенім басым ақ жаулықты анада.

Бекзат Саттархановтың анасы

Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық жарыста жеңімпаз атанғандар бұдан соң құрлық ойындарына қатысуға жолдама алады.