Облыс әкімі: «Полицейлерге бейне-жетон аламыз»

Облыс әкімі:

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жол жүру ережесін сақтауды қамтамасыз етуде жол-патрульдік полиция қызметінің орасан екенін айтады. Сондықтан саптық құрамға арнайы бейнетіркеуіш сатып алынатынын жеткізді.

Облыс әкімі: "Полицейлерге бейнеқұрылғы аламыз"

Бейбіт Атамқұлов жұмыстарды жүйелеу мақсатында Шымкент қаласында тұрғындар көп шоғырланатын орындарда 14 тұрақты бекет салынып, оның әрбіріне 7-8 бейнекамера, яғни, барлығы 100 камера іске қосылатынын айтты.

Өңір басшысы, сондай-ақ, ұлт жоспарының 32-қадамында атап көрсетілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында елімізде алғаш рет «Қылмыстық құқық бұзу картасы» қолданысқа енгізіліп отырғанын, бұл жүйеге бүгінде жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда екенін айтты.