//
Мәлік Әбдінұров Жаңалықтар 

Шымкент әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа бөлім құрылды. Бұдан былай шаһардағы тұрғын үйлер мәселесімен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары айналысатын болады.

Мәлік Әбдінұров
Мәлік Әбдінұров

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Шымкент қаласы әкімінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №41-к өкіміне сәйкес, аталған жаңа бөлімнің басшысы болып Мәлік Әбдінұров тағайындалды.

Мәлік Құттымбетұлы бұған дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz