18 сәуір күні Шымкенттегі токсикология бөлімшесіне саңырауқұлақтан уланған бір азамат жеткізілді. Бұл – Оңтүстікте соңғы бір айдың ішінде тіркелген 11-ші оқиға. Аурухана түскен азаматтардың барлығы дін аман.
Асылхан Мыңбаев, бөлім меңгерушісі: «Саңырауқұлақтан уланғандардың көбі өнімді базардан сатып алған. Бұл асты тұтынғанда абай болыңыздар дейміз. Соңғы бір айдың ішінде қозықұйрықты жеп, уланған он бір адамға медициналық көмек көрсеттік. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстарғанда уланғандардың көбейгенін байқатып отыр.»