//
Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол белгілері пайда болды Жаңалықтар 

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол белгілері пайда болды

Шымкент өзгелерді таңқалдырудан алда келеді. Қаладағы Тәуке хан және Қонаев даңғылының бойында республикамыздағы еш өңірінде жоқ жол қозғалысын реттеу белгісі пайда болды. Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған.

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол белгілері пайда болды

Белгі жаяу жүргінші өткелінің алдына қойылады және жолға төселген плиталар жасыл және қызыл түспен жанып, бағдаршам ролін атқарады. Бұл жаңа қондырғы бұрынғы бағдаршамдармен бір мезетте жұмыс жасайды, яғни, “Тоқта”, “Жүр” деген белгі береді.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жобаны шымкенттік кәсіпкер азаматтар жасап, туған қаласына тегін сый ретінде ұсынып отыр. Бұл жолақтар әзірге Тәуке хан және Дінмұхаммед Қонаев даңғылдарының қиылысындағы тұрғындар көп жүретін жерге орналасқан. Мұндағы мақсат – қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу.

Шымкентте жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол белгілері пайда болды

“Бұл жоба Қазақстан бойынша тек Шымкентте ғана бар” дейді жоба авторлары. Пилоттық жоба шетелде Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында ғана орнатылған. Енді елімізде алғаш болып Шымкентте іске асырылып отыр.

 

Жаңа үлгідегі бағдаршамдар жауын-шашыннан арнайы қорғалған. Сондай-ақ, 20 см қар астында жатса да ап-анық көрінеді дейді сала мамандары. Егер осы жаңалықты жергілікті билік құптаса, жол үсті бағдаршамы қаламыздың өзге да қиылыстарына орнатылатын болады.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz