//
Спорт 

Армрестлингшілер Ташкентте алаң қожайындарын қапыда қалдырды

Оңтүстіктің қол күресі шеберлері Азия чемпионы атанды. 21 мемлекеттен 770 спортшы сынға түскен құрлық біріншілігі Ташкентте өтті. Жасөспірімдер арасында облыстық №2 спорт мектебінің жеті бірдей шәкірті алтыннан алқа тақты. Бұл жолы жарыс алаңына Оңтүстіктің жастар құрамасы шыққан болатын.

Қол күресінен облыс саңлақтары кезекті рет үздік танылды
Қол күресінен облыс саңлақтары кезекті рет үздік танылды

Турнир нәтижесінде 55 келідегі Қадір Нұрхан, 65 келілік Сәбит Әшімхан, Рүстембек Жарылқасын және Талғатбек Рүстембек пен ересектер арасында Қыдыр Өсербай, Қадыр Нұрдаулет және Қыдыр Оңғарбаев та бірінші орыннан көрінді. Ал Абзал Пірімбетов пен Дәурен Әбсаттар, Талғат Ақтаев пен Нұрдаулет Садивакосов күміс медаль иесі атанды. Ержан Әбілда ересектер арасында алғашқы үштікті қорытындылады.

 37 кәрісті жеңген Қыдырғалы бұл жолы да жеңімпаз атанды
37 кәрісті жеңген Қыдырғалы бұл жолы да жеңімпаз атанды

Медаль саны бойынша облысымыздың армрестлингшілері үздік танылды. Естеріңізде болса, жерлестеріміз осыған дейін де әлем чемпионатында үздік танылып жүр. Бұл жолы да облыс намысын қорғай білді. Спорт ордасының үздік үш спортшысы бұл күндері өзге байрақты сынақта ел намысын қорғауда.

Оңтүстіктің құрамасы әлемдік доданы бағындырып жүрген спортшылар
Оңтүстіктің құрамасы әлемдік доданы бағындырып жүрген спортшылар

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz