//
Ескі қалашықтағы заңсыз құрылыс бұзылды Жаңалықтар 

Ескі қалашықтағы заңсыз құрылыс бұзылды

Шымкентте заңсыз салынған құрылысқа жол жоқ. Қала басшысы берген талап негізінде қыруар жұмыстар атқарылуда. Бүгін көпшілікке ескі қалашық атауымен таныс төбенің жиегіне салынған екі жекеменшік үй бұзылды.

Ескі қалашықтағы заңсыз құрылыс бұзылды

Ешқандай талапқа сай емес әрі заңсыз салынған құрылыс иелері әкімдіктен бірнеше рет ескерту алған. Ал олар баспанаға мұқтаждықтарын алға тартып, үйлерін босатқысы келмепті. Бірақ, құжаттар сотқа тапсырылып, нысанды мәжбүрлі бұзуға шешім шығыпты. Қала әкімдігінің берген мәліметі бойынша, Шымкент шаһарында 200-ден астам заңсыз соғылған нысан бар. Бүгінгі таңда оның бесеуі сот шешімімен бұзылған. Одан бөлек заңды бұзған тұлғаларға сәулет-құрылыс басқармасы 7 миллион теңге айып салған. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасын табады дейді сала мамандары.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz