Назар аударыңыздар! Жүгіру эстафетасына байланысты жолдар жабылады

545

Жүргізушілердің назарына! Шымкентте Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай жеңіл атлетика эстафетасы өтеді. Осыған байланысты сенбі, 14 мамыр күні сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін бірқатар көшелерде қозғалыс шектеледі.

Атап айтқанда Қонаев даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықта жол жабылады. Сонымен қатар Желтоқсан көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта эстафета жүреді. Шараны ұйымдастырушы «Южный Казахстан» газеті мен дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы келтірілген қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды.