Тілшілер біліктілігін ел аралап жүріп арттырды

321

3-5 мамыр аралығында Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастырумен «Шымкент-тұрақты қала даму жолында: медиа-ақпараттық сауатты тұрғындар» атты мобильді медиа мектебі ұйымдастырылды. Тілшілердің біліктіліген арттыру мақсатында Оңтүстіктің тарихи-киелі жерлеріне керуен ұйымдастырылды.

Мұндағы мақсат – өлкенің тарихи нысандарын аралап жүріп, семинар өткізу. Юнеско, Біріккен Ұлттар Ұйымы және т.б. ұйымдар мен мекемелер қолдау көрсетке шара барысында тілшілер үшін білікті профессорлар мен тілшілер семинар өткізді. Іс-шара жан-жақты тақырыптарды қамтыды.

Нақты айтқанда қазіргі заманғы БАҚ құралдары, олардың мүмкіндігі мен ақпаратты жеткізілу, ондағы проблемалар. Мысалы ретінде үйретушілер бүгінде қоғамдағы өзекті жер мәселесін алды. Яғни, биліктің шығарған заңдары мен ондағы өзгертулердің ақпарат құралдарында егжей-тегжейлі жеткізілмеуі сөз болды.

Соның салдарынан халықтың көкейінде көптеген сұрақтарға жауап берілмеуінен наразылықтың туды, жариялылықтың жоғынан деп түйіндеді қатысушылар. Осы сынды қоғамдағы көптеген мәселелер негізге алына отырып, оның БАҚ-да берілу жолдары мен заңдылығы түсіндірілді.

Шара киелі Отырар мекенінен бастау алды
Шара Отырар мекенінен бастау алды
Тілшілерге БАҚ саласындағы жаңа заңдармен таныстырылды
Тілшілерге БАҚ саласындағы жаңа заңдармен таныстырылды
Шарға 60 астам студенттер мен тілшілер қатысты
Шарға 60-тан астам студенттер мен тілшілер қатысты
Еліміздің белгілі тележүргізушісі Асхат Садырбай сөз бостандығы тақырыбында дәріс оқыды
Еліміздің белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай сөз бостандығы тақырыбында дәріс оқыды
Қатысушылар арнайы сертификатпен маратталды
Қатысушылар арнайы сертификатпен маратталды