//
Жаңалықтар 

Жоғалған қызға қатысты кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында 17 жасар студент қыздың жоғалып кетуіне байланысты “Адам өлтіру” бабымен қылмысты іс қозғалды. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

AigerimОсыған байланысты ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен арнайы іздеу тобы құрылды. Бұл топ криминалды полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жасақталған.

Қазір тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеуде.

Сондай-ақ, облыстың барлық ішкі істер басқармаларына хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 17 жасар қыз туралы хабарлама жіберілді. Еске салсақ, 11 мамырда Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын кәмелет жасына толмаған қызыныѕ хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы арызданып келген.

Студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шығыпты. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, іс-түссіз жоғалып кетті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz