Өңірде орын алып отырған жазатайым жағдайларға төтенше жағдай мамандары шолу жасап шықты. Құтқарушылардың айтуларынша, суға кеткендердің дені – балалар.
Бұл ретте ата-аналардың жауапсыздығын қатаң сынға алға алған сала қызметкерлері ересектердің де қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамайтынына қынжылды.
Деректерді саралап шыққан мамандар көбіне масаң күйде шомылатындардың жайсыз оқиғаларға ұшырайтынына көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ төтеншеліктер өңірдегі су айдындарында сүңгуірлердің жетіспейтінін де жасырмады.