//
Табиғи газ Жаңалықтар 

Рамазан айының соңына дейін табиғи газ өшпейді

Табиғи газБүгін белгілі болғандай, Ораза айының соңына дейін Шымкентте табиғи газ өшпейді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов “ҚазТрансГаз Аймақ” мекемесінің басшыларымен кездесіп, осындай келісімге келді.

Шаһар басшысы қасиетті Рамазан айының аяғына дейін халықты табиғи газдан айырмауды сұраныпты. Еске салайық, өткен аптада көгілдір отын берушілер техникалық жұмыстарға байланысты газ болмайтынын айтып, хабарландыру таратқан болатын. Енді қала әкімінің өтінішінен кейін жоспарлы жөндеу жұмыстар кейінге шегеріліпті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz