//
Қазығұртта жалдамалы жұмысшылары қожайындарын пышақтап кетті Оқыс оқиға 

Қазығұртта жалдамалы жұмысшылар қожайынын пышақтап кетті

Оңтүстіктің полицейлері Қазығұрт ауданының тұрғынына жасалған қарақшылық шабуылды ашты. 5 шілде күні аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшісіне аудандық ауруханадан суыт хабар түскен. Дәрігерлер өздеріне пышақ жарақатын алған әйелдің жеткізілгенін хабарлайды.

Ауруханаға тез арада тергеу тобы жетеді. Сұрау барысында анық болғаны, 40 жастағы азаматша үйіне жұмысшыларды жалдайды. Ал олар жұмыс істеудің орнына қожайындарын пышақтап, байлап, 2,5 миллион теңге ақшасын алып кетіпті.

Қазығұртта жалдамалы жұмысшылары қожайындарын пышақтап кетті

Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Жедел-тергеу тобы құрылып, іздеу нәтижесінде полицейлер күдіктілердің бірі, 1994 жылы туған Өзбекстан азаматын ұстады.

Қазығұртта жалдамалы жұмысшылары қожайындарын пышақтап кетті

Ал оның сыбайласы, 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына іздеу жарияланған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz